Жуырда Оралда өткен жолдастық кездесуде Жәнібек ауданының М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде жаттығатын «Бейбарыс» каратэ-до клубының шәкірттері жақсы жетістікке жетті.
Қалада Нұржан Тоқсанов жетекшілік ететін «Заншин» клубымен сайысқа түскен «Бейбарыс» клубының каратэшілері алдымен шотокан бойынша емтихан тапсырды. Ілияс Амангелді мен Дарын Серік 6-шы кю жасыл белбеу иесі, Дәулет Серік 4-ші кю көк белбеу иесі атанды. Кейін жолдастық кездесу басталып, жас ерекшеліктері бойынша абсолюттік салмақтағы тартысты жекпе-жектер өтті. Кездесу нәтижесінде Асан Молдағалидің шәкірттері жеңімпаз және жүлдегер атанды.
6-7 жастағы ұлдар арасынан Ілияс Амангелді, 8-9 жаста Дарын Серік 2-ші орындарды иеленді.
«Бейбарыс» клубының атынан 10-11 жас аралығында сынға түскен Мирас Балтабеков пен 12-13 жас аралығындағы Фархат Орақ чемпион атанды. Сондай-ақ 12-13 жас ерекшелік арасында Дәулет Серік пен Ғазизбек Балтабеков 3-ші орынға ие болды.
Сайыс соңында медаль санымен командалық есепте «Бейбарыс» клубы II орынға табан тіреді.
Жолдастық кездесуді «Заншин» каратэ клубының жетекшісі Нұржан Виленұлы ұйымдастырды.
Лаура Халина,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz