Бәйтерек ауданына қарасты Бейбітшілік ауылдық округінде ауыл әкімінің сайлауы өтіп жатыр.
Жергілікті тұрғындар ауылдық округ әкімі болуға үмітті кандидаттарға дауыс беріп, өз таңдауын жасауда.
Таңғы сағат 07.00-де № 215, №217 сайлау учаскелері ашылып, алғашқы келгендер мен саяси науқанда бірінші рет дауыс берушілерге сыйлық табысталды.
Ауыл әкімі болуға ниетті барлығы 3 кандидат сайлауға түсуде. Оның біреуі – "AMANAT" партиясы Бәйтерек аудандық филиалы атынан, екеуі өзін-өзі ұсынушы.
Айта кетейік, Бейбітшіліктегі № 215 сайлау учаскесінде 637, Сырым Батыр ауылындағы екінші сайлау учаскесіне 134 сайлаушы тіркелген. Сағат 10:30-ға дейін 111 сайлаушы келіп дауыс берді. Соның 4-еуі 18-ге толған жас сайлаушы.
Нұрсұлу Атамекен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz