23.08.2026, 10:20
Оқылды: 15

Бейбітшіліктіктер белсенді

Бейбітшілік ауылындағы №215 сайлау учаскесіне "Махамбет" шекара бекетінің 30 қызметкері келіп дауыстарын берді.

image-23-08-26-10-26-2

Айта кету керек, Бәйтерек шекаралас аудандар санатына жатады.  Аудан аумағындағы 500 шақырымға жуық жерді  шекарашыларымыз түн ұйқысын төрт бөліп қорғауда. Солардың қатарында "Махамбет" шекара бекетінің қызметкерлері де бар. Атамлыш бекет басшысы Асылан Айтбайдың айтуынша, мемлекеттік шекараны қорғау мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында еңбекттеніп жүрген әскерилер азаматтық жауапкершілігін сезініп, дауыс беруде. Әсери қызметте озық, саяси тұрғыдан сауатты, көпке үлгі болған бекеттегі бір топ жауынгер жақында өткен Шекарашылар күнінде аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

image-23-08-26-10-26-5

№215 сайлау учаскесінде 624 сайлаушы тіркелген. Олардың ішінде төртеуі үйден дауыс береді,жас сайлаушылардың саны-9. Ауылдағы іргелі шаруашылық "Асан ауыл" ЖШС-ның қызметкерлері трактормен келіп, дауыс беріп кетті.

image-23-08-26-10-26-4

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале