12.07.2023, 18:00
Оқылды: 16

Бекет ғимараты сын көтермейді

Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі. Осыдан бірнеше күн бұрын облыстың бірқатар ауданында құрғақ шөптер алқабы өртке оранып, 37 жерде тілсіз жаудың ошағы тіркелді.

IMG_20230712_175634

Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің ауа температурасы күрт көтерілуіне байланысты далалық аумақтарда ауыл шаруашылығы жұмыстарын уақытша тоқтату туралы өкімі де қабылданған болатын.

IMG_20230712_175623
Жәнібек ауданында жағдай бірқалыпты. Дегенмен, табиғаттың тосын құбылысына дайын болу керек.

Осы орайда, бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов аудан орталығындағы №21 өрт сөндіру бекетінде болып, жұмыс барысын көрді.

Бекеттің тыныс-тіршілігі мен дайындық барысын аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаев пен аталмыш бекеттің бастығы Жақсылық Есентаев егжей-тегжейлі айтып берді.
- Бекетте барлығы 18 адам жұмыс істейді. Төрт өрт сөндіру көлігі мен бір УАЗ көлігі бар. Сонымен қатар өрт сөндіру көліктері Жақсыбай және Ақоба ауылдарында болса, Қамысты ауылына көлік беру жоспарда тұр. Қалған округтерде ерікті өртке қарсы құрылымдар бар. Өрт сөндіру бекетінің қорында жергілікті атқарушы орган арқылы бөлінген 8 тонна дизель отыны алынып, дайын тұр. Қосымша 3 тонна алынады, - деді Серік Қыдырашұлы.

IMG_20230712_175400

Қазіргі таңда бекеттің ғимараты сын көтермейді. Көлік қоятын жылы тұрақ та шағын. Тек екі өрт сөндіру көлігі мен бір жеңіл көлік сияды.
- Аталмыш ғимарат бұрынғы экспедициядағы қазандықтың орны. Экспедиция тарағаннан кейін қазандық қайта жабдықталып, 1963 жылы өрт сөндіру бөлімшесіне айналды. Сол жылдан бері ағымдағы жөндеулерден басқа күрделі жөндеу көрмеген ғимарат, - деді Жақсылық Сансызбайұлы.

Аудан басшысы Тимур Серікұлы мекемені аралап, өрт сөндіру бекетінің жағдайы барлық жағынан дұрыс болу керектігін айтып, жергілікті атқарушы органнан қолдау болатынын жеткізді.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале