Маусымның 5-і күні Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістерді қолдап, дауыс беруге құқығы бар 25 762 теректіліктің 23 081-і ұлт тағдырына немқұрайлы қарамай дауыс берген болатын.
Сол сайлау науқанында белсенді жұмыс жасаған теректілік қызметкерлердің еңбегі еленді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың атынан аудандық мәслихат хатшысы Ә.Нұрғалиев, аудандық мәслихат депутаты,«Теректі» шаруа қожалығының басшысы С.Идиятов, аудандық мәслихат депутаты, Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ш.Какижанова, Подстепный №1 мектебінің мұғалімі, аудандық мәслихат депутаты Э.Өтепбергенова, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Бисенғалиев және «Теректі жаңалығы-Теректинский новь» саяси-қоғамдық газетінің жауапты хатшысы А.Айтқалиева алғысқа кенелді.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана директоры Р.Болатова, балалар шығармашылық үйінің бұқаралық бөлім меңгерушісі Ү.Орынғалиевқа «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың атынан алғысхат ұсынылды.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы А.Ораловтың алғысхатымен «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Ибраев, аудандық орталықтандырылған аурухананың басшысы З.Мағзомов, аудандық партия филиалының кеңесші маманы Ж.Лекерова марапатталды.
БҚО әкімі Ғ. Есқалиевтің алғысхатына мәслихат аппаратының басшысы Б.Кенжеғұлов, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Сәрсенова, ауданның құрметті азаматы В.Савченко, «Алтын гюль» татар этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі Т.Момот, «Япурай» әжелер ансамблінің мүшесі З.Шатикова, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Б.Қазиқанов лайық деп танылды.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz