21.06.2022, 16:54
Оқылды: 44

Белсенділер марапатталды

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов референдумда белсенділік танытқан «AMANAT» партиясы аудандық филиалының бір топ мүшесімен кездесті. 

IMG_7591

- Өздеріңізге белгілі, ел жаңғыруының бастамасы ретінде  Ата Заңымызға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Бұл мемлекeтіміздің болашағы үшін жасалған нақты қадам болды. Аудан халқы жоғары белсенділікпен атсалысып, өз таңдауын жасады. Осындай маңызды саяси жұмыста сіздердің де қосқан үлестеріңіз зор,- деді аудан басшысы.

Осыдан кейін Қалияр Шадиярұлы белсенділерді еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың және Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың алғысхаттарымен марапаттады.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале