17.05.2023, 15:30
Оқылды: 25

Бесінші рет күміс жүлдегер атанды

13-15 мамыр күндері Семейде ардагерлер арасында самбодан ел чемпионаты өтті. Сайыста республикамыздың барлық өңірінен 450 балуан бақ сынады.

IMG-20230516-WA0098

Соның ішінде жерлесіміз, Дариян ауылдық округінің әкімі Тілек Кәкенов бозкілемде үш белдесу өткізіп, күміс медаль иегері атанды. Сондай-ақ Азия чемпионатына қатысуға жолдама алды. Ол жыл сайын сайыстарға тұрақты қатысып келе жатыр. Биыл да 55-59 жас аралығындағылар санатында 88 келіде күресті. Спорт шеберлері арасындағы Қазақстан чемпионатында 2012 жылдан бері 10 рет қатысып, бір алтын, бес күміс, төрт қола алды.

IMG-20230516-WA0096

- Мен сайыста Ақмола және Павлодар облысынан келген қарсыластарымды ұтып, финалға жолдама алдым. Соңғы белдесуде қарсыласым халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, Алматы облысының балуаны Нұрғалым Теміров болды. Белдесу тең өтті, дегенмен шешуші кезеңде төрешінің маған берген ескертуі үшін қарсыласыма бір ұпай қосылды. Айламды асыра алмадым. Былтыр Қарағанды қаласында өткен Қазақстан чемпионатында да осы балуанмен соңғы сайыста кездесіп, ол жарыста да ІІ орын алғанмын. Қарсыласымның тәжірибесіне, шеберлігіне құрметпен қараймын. Келесі жарысқа жақсы дайындалуға маған мотивация береді, - дейді Тілек Насырұлы.

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале