19.08.2022, 10:01
Оқылды: 102

Білектілер мен жүректілерге арналды

Кеше Сырым ауданы орталығы Жымпитыда спорт күніне орай мерекелік салтанатты шара өтті. Аудан әкімі мен ауданға келген қонақтар, бірқатар спорт саңлақтары мен ардагерлері С.Датов атындағы музейде ауданның тарихымен танысса, кейіннен фойедегі ауданның спорттағы жетістіктеріне арналған кітап көрмесіне куә болды.

4

Салтанатты жиында ауданның спорттағы жетістіктерінің тарихы мен тынысы бейнеленген бейнефильмді тамашаласа, аудан әкімі Төлеген Төреғалиев кәсіби, әуесқой спортшыларды мерекемен құттықтап, ауданның дамуына қосып жүрген елеулі еңбектері үшін алғыс айтты.

5

Шарада аудан әкімі Сырым ауданындағы спорт саласының дамуына қосқан үлестері үшін “Сырым ауданының құрметті азаматы” атағымен Әділ Рамазанов, Лұқпан Абдрахман, Ғилаж Қаналиев, Қанапия Қаяпбергенов секілді спорт ардагерлерін марапаттады.

6

Лайықты марапат жоғарыда есімдері аталған 40 жылдан астам еңбек жолын артқа тастаған, Мәскеу қаласында өткен халықаралық бейбітшілік марафонынының қатысқан, КСРО чемпионаттарының жүлдегері, 35 бірінші дәрежелі разрядты тоғызқұмалақшыларды тәрбиелеген бірқатар тұлғаларға табысталды.

7

Одан бөлек, облыс әкімінің алғыс хаты, “Сырым ауданының Құрмет грамотасымен”, “Сырым ауданы әкімінің алғысхатымен” аудан тынысында өзіндік із қалдырып үлгерген кәсіби, әуесқой спортшылар, республикалық, халықаралық деңгейде ауданның туын көкке көтеріп жүрген жас чемпиондардың бапкерлері мен түрлі спорттық шараларға демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлер мен мердігерлер де лайықты марапаттан құр қалмады.

8

“Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хатын” аталмыш басқарма жанындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының директоры Әскербек Нұрмұханов табыс етті.

11

 

- Сырым ауданындағы бірақатар спорттық нысандардың ашылуы ауданға тың серпін берері анық. Болашақ чемпиондар да, білекті және жүректі жастар, ұл-қыздар шығарына бек сенімдіміз,-деді құттықтау сөзінде Ә.Нұрмұханов.

10

Облыстық басқарма басшысының алғысхатына дзюдо күресінен ҚР чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа кубогінің жеңімпазы Нұрсұлтан Зайзағалиев, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, дзюдо күресінен облыс деңгейінде жүлдегер атанған шәкірттердің бапкері Мәулет Қожахметов, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, әлемдік додаларда шәкірттері топ жарып жүрген білікті бапкер Төлеген Құрашев лайық деп танылды.

12

Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

13

14

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале