8.11.2021, 10:21
Оқылды: 79

Білім беру ұйымдары бақ сынады

Жәнібек ауданының орталығындағы А.Оразбаева атындағы мектебінің спорт залында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім беру ұйымдарының арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

14

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина қатысты. Турнирде Жақсылық Каримоллаұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

15

Жарыста ауданның білім беру ұйымдарының ер азаматтары бақтарын сынады. Турнир қорытындысында «Үздік байланыстырушы» аталымына Нұрлыбек Ғұбайдуллин (М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі), «Үздік қорғаушы» аталымына Нұртілек Мизамбаев (мектептен тыс жұмыстар орталығы) және «Үздік шабуылшы» аталымына Ернар Ерланов (М.Ықсанов атындағы мектеп) ие болды.

17

Турнирдің жүлделі I, II, III орындарын сәйкесінше М.Ықсанов атындағы мектеп, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі және қосымша білім беру мекемесінен құралған команда (А.Оразбаева атындағы мектеп, МТЖО, экология және туризм орталығы) алды.

16

Жеңімпаздар аудандық білім беру бөлімі мен кәсіподақ ұйымының атынан диплом, медаль, естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале