31.03.2022, 12:40
Оқылды: 57

Білім додасынан жүлделі келді

Жуырда Орал қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Білім додасы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 14 пән бойынша өткізілді. Өңірдегі үздік оқушылар бақ сынаған білім бәйгесіне Бәйтерек ауданы атынан 25 оқушы қатысты. Олардың алтауы жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерден бақ сынаса, 19 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден сынға түсті.

олимп
Олимпиада қорытындысында география пәнінен Дарьинск мектебінің 10-сынып оқушысы Богдан Ткаченко І орын, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен Б.Момышұлы атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Диляра Танаева І орын иеленсе, өзін-өзі тану пәнінен бақ сынаған Қ.Мырза Әлі атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Эленора Кадерова ІІ орынды қанағат тұтты. Сонымен қатар қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен қатысқан Абай атындағы МГИ 9-сынып оқушысы Сабина Саматова ІІ орын, дәл осы мектептің тағы бір оқушысы Мәдина Ибрагим қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиаданың ІІ орынына ие болды.
Одан бөлек, өзін-өзі тану пәнінен Асан мектебінің 10-сынып оқушысы Татьяна Мишина ІІІ орын иеленсе, Қазақстан тарихы пәнінен қатысқан Қ.Қайсенов атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Алексей Преснов ІІІ орынға ие болды. Ал Қ.Аманжолов атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Ділназ Ерғали ІІІ орынды қазақ сыныптарындағы орыс тілі пәнінен иеленсе, биология пәнінен қатысқан Үлкен Шаған мектебінің 11-сынып оқушысы Данил Царев пен Переметный мектебінің 10-сынып оқушысы Богдан Яфаров ІІІ орынға ие болды. Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен білімін көрсеткен Макаров мектебінің 10-сынып оқушысы Дарья Петрушкевич пен ағылшын тілі пәнінен бақ сынаған Мичурин мектебінің 9-сынып оқушысы Полина Ермончик арнайы алғысхатпен марапатталды.

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале