Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылының тағы бір мақтаныштары Әлішер мен Аделина. Жоғарыда атап өткен Исламның сыныптастары. Бір қызығы сыныптастардың үшеуі де білім грантының иегерлері.
Әлішер Берікұлы Батыс Қазақстан облысы әкімінің грантын жеңіп алып, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне энергетик-электрик мамандығына оқуға түсті. Әлішер физика пәнінен аудандық жарыстардың жүлдегері.
Ал Аделина Азиятуллина М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің өзінің қалаған мамандығы бойынша грант иегері атанды. Ол орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын таңдаған.
- Аделина мінезі ашық, ақкөңіл, ынталы. Әрқашан алдына қойған мақсатына жетуге дайын. Орыс тілі пәнінен аудандық және облыстық жарыстардың жеңімпазы. Мектептегі қоғамдық жұмыстардың, шаралардың бәріне қатысып жүреді», - дейді ұстазы Ақтоты Серікқызы.
А.Абдрахманова,
Бөрлі ауданы