16.06.2024, 10:00
Оқылды: 107

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды»

Теректі аудандық «Қазына» коворкинг орталығында «Әкелермен биік елдің аспаны» атты әкелермен кездесу кеші өтті. Шараны аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, Достық үйі мен ресурстық орталық ұйымдастырды.

IMG-20240614-WA0061

Әмбеге аян, елімізде ресми мереке ретінде маусым айының үшінші жексенбісі - «Әкелер күні» болып белгіленді.

Кездесуге  аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, ауданның құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиханов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев және жас әкелер  қатысты.

IMG-20240614-WA0059

Ең алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Баубекұлы ер азаматтардың қоғамдағы орны жайында сөз қозғап, қатысушы қонақтарға алғысын білдірді.

- Еліміздің атаулы күндер қатарына екі мереке қосылды, бірі  аналар, екіншісі әкелер күні. Бұл мерекелер дамығын елдерде әлдеқашан тойланады. «Бір әкенің тәрбиесін, жүз мектеп те бере алмайды» деген сөз  бар. Бұл жәйдан-жәй айтылған әңгіме емес. Әкенің тәрбиесі балаға өмір бойы азық. Соңғы жылдары елімізде отбасы институтына көп көңіл бөлінуде. Түрлі комиссия отырыстары, кездесулер мен форумдар өтіп жатыр. Бүгінгі шара да солардың бірі де бірегейі. Алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенемін,- деді өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары.

IMG-20240614-WA0063

Сонымен қатар Мұсағали Орынғалиұлы мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Құбайысұлы әкенің отбасындағы рөлі жайында пікір білдірді. Одан әрі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Гүлім Демеутова баяндама оқып, жас әкелермен тренинг ойының өткізді. Аудандық «Дат» театрының өнерпаздары «Әке туралы» монолог оқыды.

Кеш нүктесін саз мектебінің оқытушылары Жақсылық Имашев пен Жеңіс Қайыров «Менің әкем ең жақсы адам» әнімен түйіндеді.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале