22.07.2021, 11:57
Оқылды: 45

Бір ескерту, алты айыппұл

Сырым ауданында мал азығын дайындап жатқан ауылшаруашылық техникаларының өртке қарсы қауіпсіздігін тексеру мақсатында рейд жұмыстары жүруде. Кеше аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық, төтенше жағдай және полиция бөлімдерінің қызметкерлерінен құралған топ Шолақаңқаты, Алғабас ауылдық округтерінде болып қайтты.

IMG-20210722-WA0029

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Усағалиевтің айтуынша, шабындық алқап басында техникаларына сайламай, өрт қауіпсіздігіне салғырт қарап жатқандар бар. Қауіпсіздік ережесін сақтамағаны үшін Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша бір ескерту беріліп, бір шаруаға айыппұл салынған. Ал Алғабаста бес қожалыққа айыппұл белгіленген.

Рейдтік топ бүгін Қособа ауылдық округінде болады.

Бауыржан Шмрмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале