11.11.2020, 11:18
Оқылды: 52

Бір топ бәйтеректік «Халық алғысы» медалін алды

Өткен аптада төтенше жағдай кезінде жанқиярлық ерлік көрсетіп, халық денсаулығы мен сақтығы жолында аянбай еңбек еткен жандарға «Халық алғысы» мерекелік медалі табысталған болатын. Бұған дейін Бәйтерек аудандық №2 ауруханасының үш бірдей қызметкері аталмыш медалді кеуделеріне таққанын жазған болатынбыз.

алгыс

Күні кеше мерекелік медаль тағы бір топ бәйтеректікке жетті. Елді шулатқан індетпен күрес кезінде уақытпен санаспай, еңбек етіп, лайықты марапатын алған азаматтар арасында аудандық полиция бөлімнің миграция қызметінің инспекторы Сұлтан Гусманов, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы Жаслан Жұқасаев пен Приурал полиция бөлімінде учаскелік инспектор болып қызмет атқаратын Бауыржан Қуатов бар. Сондай-ақ аудан Переметный ауылындағы Бәйтерек арнаулы қызмет көрсету орталығының маманы Людмила Сенчило да «Халық алғысы» медалін меленді.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале