Теректі ауданы бойынша балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқаны аяқталды.
Айта кетейік, құжаттарды қабылдау толық 4 айға, яғни 1 сәуірден 1 тамызға дейін созылды. Теректі аудандық білім беру бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, осы уақыт ішінде 664 оқушы өтініш беріп үлгерген. Былтыр 672 шәкірт мектеп табалдырығын аттаған болатын.
Өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылған. Ата-аналар құжаттарды дәстүрлі форматта да, онлайн форматта да тапсырды. Өтініштердің 104-і электронды форматта, ал 560-ы қағаз түрінде берілген. Сондай-ақ 531 бала мемлекеттік тілде оқуды таңдаған.
Самал Жамет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz