2.05.2023, 3:56
Оқылды: 79

«Бірлігі жарасқан Қазақстан!»

1 мамыр күні аудан орталығында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай дәл осындай атаумен мерекелік іс-шара өтті.

IMG-20230501-WA0055

- Қадірлі жерлестер! Сіздерді бүгінгі мейраммен шын жүректен жүректен құттықтаймын! 130-дан астам ұлт өкілдері мекен ететін біздің еліміздің басты қағидаларының бірі ол ынтымақ-бірлікті сақтау. Соның арқасында бүгінгі күні баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз. Бір шаңырақ астындағы ауызбірлікте тұрып жатқан халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі нығайып, елімізде ұлтаралық татулықтың беріктігі арта берсін! Әрдайым шаңырақтарыңызда бақ-береке, ырыс мол болсын! Өсіп келе жатқан болашақ ұрпақтың қызығын көруге жазсын, - деп аудан әкімі Марат Тоқжанов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.

IMG-20230501-WA0064

Концерт халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблі орындаған Бораш Әбеновтың «Желдірме» күйімен ашылып, түрлі ұлт өкілдерінің ән-биімен жалғасты. Атап айтсақ, «Ақ ниет» әжелері мен «Калинушка» орыс фольклорлық ансамблі, «Риченька» украин халық шығармашылығы ұжымы өнер көрсетті. Сондай-ақ, халықтық «Достық-Дружба» ансамблі және «Шатлық» татар халық шығармашылығы ұжымы әннен шашу шашты. «Назгүл Жанғали» мен «Гүлдер» би ансамблінің кішкентай өнерпаздары ұйғыр, украин билерімен қонақтарды тәнті етті. Концерт көргелі ата-аналарымен еріп келген бүлдіршіндер алаңды айнала билеп, шармен ойнап мәз-мейрам болысты. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылып бәйтеректіктер бірлік күнін осылай атап өтті.

IMG-20230501-WA0045

IMG-20230501-WA0049

IMG-20230501-WA0053

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz  

 

Екатерина Федорова, «Шатлық» татар халық шығармашылығы өнер ұжымының жетекшісі:

-Барша жерлестерді мерекемен құттықтаймын. Қазір Қазақстан - әлемдегі ұлтаралық, дінаралық келісімнің үлгісін көрсетіп отырған елдердің бірі. Біз осындай тамаша елде өмір сүріп жатқанымызға қуанамыз. Ауданымыздағы түрлі ұлт өкілдері береке-бірлікте өмір сүріп жатқандығына бүгін тағы куә болдық. Мерекелік концертке келіп, ән-күй тыңдап, жақсы демалдық. Тілі басқа болса да тілегі бір жандардың басын қосқан тамаша күн болды. Қашанда осылай бірлігіміз де, тірлігіміз де жарасып, бақытты да бейбіт ғұмыр кешейік! Бірлік мәңгі жасасын!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале