3.05.2022, 12:45
Оқылды: 62

Бірлік күнін тойлады

1 мамырда Жаңақала аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай аудан тұрғындарына және қонақтарына арналып, «Ырыс, шаттық, берекем, тойланар ұлы мерекем» атты мерекелік іс-шара өтті.

75DFB4A3-40BA-4AAC-9980-B64CCAC82895

Концерттік бағдарламаның шымылдығы «Гүлдәурен» би ансамблінің«Достық» биімен ашылды. Шараға аудан әкімі Дархан Закарин арнайы келіп, құттықтау тілегін айтып, жылы лебізін білдірді. Жылы тілектен соң аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.

Құндызай Нәсіпқалиева «Гүлдәурен» би ансамблінің сүйемелдеуімен «Ақ көгершін», «Нұрбибі» би ансамблі «Жайлауда»Ж.Мұсағалиев «Чайхана» әнін, Салтанат Әділханқызы Татар әнін, Амангүл Сисенова «Сымбат» би тобының сүйемелдеуімен «Чернова руто» әнін нақышына келтіре шырқап, әсем дауысымен көпшілікті ерекше әсерге бөледі.

AFF5A76F-55F1-4824-82C7-A2B92F36E6E0

А.Сейітова Тәжік әнін, «Гүлдәурен» би ансамблі орыс биін, Ақжарқын Темірғалиева түрік әні «Омузумда», Бауыржан Адалбек пен Ұлдана Ғилымхан «Бірлігіміз жарасқандай» әнін, Жауқазын балалар бөбекжайының тәрбиешілері ұйғыр биін, Мұрат Айзере «Бірлігіміз жарасқан» әнін, Марат Азамат «Синяя вечность», «Нұрбибі» би ансамблі «Харезм» биін мың бұрала биледі. Концерттік бағдарламаны М.Жұмашев «Атамекен» әнімен қорытындылады.

Райхан Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале