11.02.2026, 11:45
Оқылды: 68

Бірлік пен ынтымақ - басты мүдде

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасының жариялануы – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіретін маңызды тарихи құжат.

image-10-02-26-04-40 (1)

Бұл конституциялық реформа Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси жүйені жаңғырту бастамасының нәтижесі. Соның аясында Ата Заңның Преамбуласынан бастап негізгі бөлімдеріне дейін тұжырымдамалық өзгерістер енгізіліп, мемлекеттілігіміз заман талабына бейімделіп отыр.

Конституция – елдің ұзақ мерзімді дамуының берік негізі. Жаңа жобада Қазақстанның алдағы жылдардағы саяси, әлеуметтік және экономикалық даму бағытын айқындайтын басымдықтарға ерекше мән берілген. Бұл – уақыт талабынан туған жүйелі жаңғыру.

Сонымен қатар, жаңа Конституция Әділетті Қазақстанның конституциялық моделін қалыптастыруға бағытталған. Онда адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалып, заң үстемдігі мен тең мүмкіндік қағидаттары күшейтілген.

Жаңа өзгерістер Парламенттің өкілеттігін арттырып, саяси жүйенің тиімділігін күшейтеді. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайып, басқару жүйесінің ашықтығы мен жауапкершілігі арта түседі.

Жалпы, бұл жоба ішкі және сыртқы сын-қатерлерге берілген салмақты жауап әрі ұлттық мүдде мен егемендікті қорғауға бағытталған заманға сай құжат.

Конституциялық реформаларды жүзеге асыру – барша халықтың ортақ жауапкершілігі. Бірлік пен ынтымақ арқылы ғана әділетті, қуатты мемлекет құра аламыз.

 

Азамат Тағаниязов,

"Amanat"партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы,

аудандық мәслихат депутаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале