25.05.2022, 18:14
Оқылды: 56

Биыл Бөрліде 486 түлек мектеп бітірді

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау үні сыңғырлады. Кезекті оқу жылын қорытындылап, білім алған оқушылардың жетістіктері атап өтілетін айтулы күнде Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов Ақсай қалалық №3 ЖББОМ барып, жас түлектер мен ұстаздарды, ата-аналарды құттықтады.

14

«Биылғы жылы ауданымыздың білім ордаларынан 486 түлек қанаттанып, ұшқалы отыр. Олардың қатарында 19-ы «Алтын белгіге» және 15-і «Үздік аттестатқа» үміткер түлегіміз бар. Мектеп бітірушілеріміздің 423-і Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірді. Түлектеріміз сынақтардан сүрінбей өтіп, ұстаздарының еңбектерін, ата-аналарының сенімдерін ақтайды деп үміттенеміз. Бүгінгі түлектеріміз беделді жоғары оқу орындарына түсіп, жоғары білімді жақсы азамат, білікті маман, ел тізгінін ұстайтын тұлға болып, болашақта ауданымыздың, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенім білдіремін,-деді аудан басшысы.

15

Жалпы, жоғарыда аталған білім ордасын 66 түлек аяқтағалы тұр. Олардың төртеуі "Алтын белгіге" үміткер болса, біреуі "Ерекше аттестат" алмақ. Түлектер үлкен өмір табалдырығын аттауда болашақ мамандықтарын түрлі салада таңдамақ. Және ол үшін тек еліміздің ғана емес, алыс және жақын шетел мемлекеттерінде білім алуды көздеп отыр.

16

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале