22.10.2024, 11:15
Оқылды: 115

Биыл қанша казталовтық баспаналы болды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» деген болатын.

IMG-20241021-WA0040

Президенттің осы тапсырмасына сәйкес биылғы жылы Казталов ауданы бойынша 28 елді-мекенде тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден 142 үйге қаржы бөлініп, жаңадан бой көтерген заманауи үлгідегі пәтерлердің кілті өз иелеріне кезең-кезеңімен табысталып жатыр.

Қарапайым ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында жүзеге асырылып жатқан осындай мемлекеттік бағдарламалардың қатары бүгінгі таңда күн санап артып, ауылдастардың қуанышы сәт сайын еселенуде. Оған республикалық бағдарламаларды уақытылы жүзеге асырып, шалғай ауылдардан заманауи тұрғын үй салуға мүмкіндік жасаған жергілікті жердегі ел ағалары мен үй құрылысын сапалы жүргізіп жатқан мердігерлер бір кісідей атсалуда.

IMG-20241021-WA0042

– Казталов ауданы бойынша аталған бағдарлама аясында 142 баспананың іргесі қаланып, рет-ретімен жаңа иелеріне табысталуда. Аталмыш тұрғын үйлердің құрылысын жергілікті ауыл азаматтары жүргізіп, ел игілігіне сүбелі үлес қосуда. Күні бүгін аудан бойынша әлеуметтік осал топтарға арналған елуден астам тұрғын үй құрылысы аяқталып, Казталов, Бостандық, Болашақ, Көмекші, Әбіш, Қоныс, Бозоба, Көпкүтір, Жұлдыз, Қарасу, Сатыбалды, Қараоба, Қошанкөл, Қараөзен, Жаңатаң, Сарықұдық, Саралжын, Жаңажол, Көктерек ауылдарында кезектілік тәртібімен беріліп жатса, бұл жұмыс одан әрі ауданымыздың басқа ауылдарында да жүзеге асатын болады, - дейді Казталов ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Айбар Серіков.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале