Биыл Казталов ауданында ауылдық округтер мен салалық бөлімдерді автокөліктермен қамту қарқынды. Ел басқарып отырған азаматтар аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және халық қалаулыларымен ақылдаса отырып, автокөлік алуға аудандық бюджет есебінен қаражат бөлуге шешім қабылдаған.
Қаржы толық игеріліп мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жыл басынан бері алты «Niva» автокөлігі сатып алынды.
Нәтижесінде жеңіл автокөліктермен Тереңкөл, Қарасу ауылдық округі әкімі аппараттары қамтылып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, аудандық сәулет, қала құрлысы және құрылыс бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, Казталов ауданы әкімінің аппараты көліктерін жаңалады.
«Келісіп пішкен тон келте болмас» демекші, жүйлелі жұмыс жалғасын тапсын дейміз.
Нұр Рахман
Казталов ауданы