Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев Сырым аудандық мемлекеттік кірістер жөніндегі басқармасының ұжымын қабылдады.
Биыл Мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 10 жыл толды.
Салтанатты қабылдауға басқарма басшысы Арман Гумаров пен әріптестері, сала ардагерлері Күләш Жұбаниязова, Жаннат Зимұқанова және бірқатар жеке кәсіпкерлерлер қатысты.
– Өңірлерді дамыту ісі әртарапты. Бірақ барлық жұмыс мемлекеттің салық қорының әлеуетіне толық байланысты. Кірістер басқармасы халық қазынасын молайтып, республиканың өркендеуіне үлес қосуда. Басқарма әр салық төлеушіні адалдыққа үндейді. Табысын жасырмай, адал салық төлеуші – Әділетті Қазақстанның жарқын тұлғасы, - деді әкімнің орынбасары өз сөзінде.
Артур Шерғалиев сала өкілдеріне Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан алғысхат табыс етті.
zhaikpress.kz