Алдағы күзде өтетін Жалпыұлттық халық санағына байланысты Ақжайық ауданының 18 ауылдық округтегі елді мекендердің картасын дайындау аяқтала келді.
Міндетті әлеуметтік, экономикалық, тарихи үрдіс тәуелсіздігіміз тарихындағы үшінші ұлттық санақ. Қазірден бастап жұртқа бұл санақтың тұңғыш рет цифрлы технология бойынша жүргізілетіні, арнайы интнернет-портал ашылатыны, сол ақпарат көзіне азаматтар өздері туралы деректі жолдауға болатыны түсіндірілуде. Үй-үйді аралап, тіркеу де жүргізіледі, себебі, барлық адамның интернет арқылы тіркелуі мүмкін емес.
- Санақты планшетпен жүргізетін түгендеушілер, интервьюерлер қатарына тәжірибелі жандар тартылады. Ал 49 санақшы 830 адамды қамту керек. Сәуірде Чапаев пен Тайпақта түгендеушілердің бас өкілдері іске кіріседі,- дейді аудандық статистика басқармасының басшысы Ұлболсын Сұлтанғалиева.
Болат Қосжанұлы,
Ақжайық ауданы
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер