25.04.2023, 16:45
Оқылды: 65

Биыл Жәнібек ауданында 2 120 түп тал егіледі

Көптен күткен көктем мезгілінің келгеніне де екі айдан асып барады. Жер әбден босаңсып, табиғат оң шырай танытуда. Тұрғындардың дені жеміс ағаштарын отырғызып, бақша қамына кірісуде. Жердің тоңы ұзақ уақытқа көз іліп, төбемізден түскен күн нұры жүзімізге жылылық ұялатуда. Құбылмалы бесқонақ та аяқталып, ауық-ауық жаңбыр жауғанымен күн райы іске сәт деп тұрғандай.

0074a8f0-9ac5-4cf0-bdab-c77e59bd5ee7

Мезгілдің өзі үндеген мүмкіндікті қалт жібермеген аудан жұртшылығы әр сенбі сайын тазалық жұмыстарын жүргізді. Күні бүгінге дейін үш мәрте сенбілік өтіп, елуге жуық мекемеден үш мың адам қатысты. Жиырма дана арнайы техниканың көмегімен бақандай 120 тонна көлемінде тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы қоқыс орнына шығарылды. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінің іскерлігі арқасында тазалыққа салғырт қарайтын қауымға санитарлық тәртіпті сақтау жөнінде екі жүз елу ескерту хаттары жіберілген. Осындай жұмыстар әлі де жалғасын тапса, игі.

43343f89-db9c-4e38-8efd-a4b782a018e4

Алдымыздағы аптап ыстықта саялайтын теректердің Жәнібекте жайқалғаны жан жадыратады. Әсіресе, қоқыстан көз ашқан жұртшылық таза ауамен дем алса, бір ғанибет!

Осы орайда аудан бойынша 2021-2025 жылдары 10 600 түп жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Биыл 2 120 түп көзделіп отыр. Ал аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «AIGERIM» жеке кәсіпкерімен 1 370 000 теңге қаражатқа келісім шартқа отырып, кәсіпкер 80 түп қарағай, 600 түп үйеңкі, 800 түп қара ағаш пен теректің 1 140 түбін жеткізді. «Менің аулам – менің бағым» акциясы турасында «Динара» жеке кәсіпкерінің көмегімен Орал қаласынан әкелген 800 дана жеміс теректері орталық базар алаңында сатылды.

dd7768bb-2ed5-4571-b0a0-261c1dd3a215

Бүгін «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне» сәйкес Жәнібек ауылдық округі мен аудан әкімдігі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ішкі саясат бөлімдерінің бастамасымен Ғ.Қараш пен Х.Чурин көшелерінің бағына және орталық саябаққа ағаш отырғызылды.

Әлібек Қаржау,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале