Бүгін Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде еліміздегі дағдарыстың толық еңсерілмегендігін, дегенмен де індеттің ең ауыр кезеңінен өткендігіміз туралы айтып, төтенше жағдай режимінің аяқталғандығын, алайда сақтық шаралары мен карантиндік шектеулердің сақталатындығын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар ел Президенті төтенше жағдай кезеңіндегі атқарылған жұмыстарға, жүзеге асырылған дағдарысқа қарсы шаралардың топтамасына да тоқталып өтті.
Осының бәрін көре отырып, мемлекетіміздің, қазақстандықтардың індетке қарсы үлкен жұмыс атқарып, сабыр мен төзімділік танытқандығын байқаймыз. Осынау қиын жағдайда халқына болысқан мемлекетімізге ризашылығым мол. Басымызға түскен үлкен сында еліміздің бірлігі мен татулығы, азаматтарымыздың мырзалығы мен адамгершілігі сыналып, байқалды.
Ендігі кезекте бұл індетті толық жойып, қалыпты өмірге ораламыз деген сенімім мол. Жарқын күндеріміз көп болғай!
Күләш Сармұхамбетова,
Бәйтерек ауданы
Переметный ауылының тұрғыны