20.05.2022, 10:46
Оқылды: 57

Біздің ширақ қариялар

Белсенді де салауатты өмір салтын ұстану – сапалы, ұзақ өмір сүрудің алғышарты. Әсіресе егде тартқан адамдар үшін белсенді қимыл жасап, қоғамдық қарым-қатынастарға, көпшілік шараларға қатысу көңіл сергітетіні өмірлік тәжірибемен дәлелденген.

4

Өткен аптада Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қариялар үшін арнайы шара ұйымдастырып, көңілдерін көтерді. "Белсенді ұзақ өмір сүру" жобасы шеңберінде өткізілген осы шараға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алып отырған жалғызбасты қарттар қатысты. Подстепное ауылындағы сауықтыру кешенінде жиналған қариялар жеңіл дене шынықтыру қимылдарын жасап, шахмат, дойбы сияқты үстел үсті ойындарын ойнады. Әсіресе 93 жастағы М.Киташева салауатты өмір салтын ұстауға жастың еш кедергісі жоқ екенін көрсетті. Жас дегенінің өзі алпысты алқымдап алған қариялар ширақ қозғалып, шараға белсенді қатысты. Ал әлеуметтік қамқорлықтағы талантты жас Кенжебай Қуанғали әжелерге жыр шумақтарын оқып берді. Әжелер өздері де ән айтып, әңгіме-дүкен құрып бір жасап қалды.

Қарияларға елдегі жаңалықтар жайлы айтылып, 5 маусымда өтетін республикалық референдум жайлы түсіндірілді.

Альбина Дошанова,

үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале