6.10.2024, 12:22
Оқылды: 59

«Біздің таңдауымыз — балаларымыздың болашағы»

Бүгін елімізде өтіп жатқан бүкілхалықтық референдумге отбасыларымен қатысып жатқандар көп.

IMG20241006112615

Казталов ауданында да балаларымен бірге сайлау учаскелеріне келіп, Қазақстандағы маңызды мәселеге қатысты таңдау жасаған Ұлан Мамырбаевтың отбасы. Ерлі-зайыпты Ұлан мен Айзат Казталов ауылындағы №219 сайлау учаскесіне үш баласын ерте келген. Олар Қазақстанның келешігі үшін таңдау жасады.

«Біздің таңдауымыз — балаларымыздың болашағы. Сол үшін таңдау жасадық. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ұрпақтарымыздың алдағы өмірі жарқын болсын!» - деді отағасы.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале