Бүгін Теректі ауданында өте қауіпті жағдай. Әйтиев ауылы түтінге оранып, қызыл жалын жалмаңдап тұр.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, өрт түс кезінде басталған. Алдымен бір үйдің қора-жайынан от шығып, көрші үйге өрт түскен. Көзі көргендерден «Пойма маңында жол бойы жанып жатыр» деген хабар бар. Өрт сөндіру, «жедел жәрдем» қызметтері келіп жетті.
Дәл қазір абыр-сабыр болған Әйтиев тұрғындарын жаппай эвакуация жасап жатыр.
Таң атқалы ұйытқып тұрған жел ұшқын ілестіріп, лапылдаған жалын бой бермей жатыр.
Адам шығыны жоқ.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz