5.09.2024, 10:30
Оқылды: 183

БҚО әкімі Ақжайық ауданына барды

Бүгін Ақжайық ауданына іс-сапармен барған облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдымен Бударин ауылында болды.

E9C1D0DC-5E82-4381-88D5-7591D6353A3C

Суреттерді түсірген Нұрбек Ихсан

Былтыр Бударин ауылының кірме жолы күрделі жөндеуден өтті. Ал биыл оған қоса осы ауылдың Қазақстан, Астана, Ж.Молдағалиев көшесінің бойындағы ұзындығы 1,8 шақырым болатын ауылішілік жол асфальтталып жатыр. Жобаның жалпы құны – 246 миллион теңге.

Бүгінгі таңда мердігер «ЖайықСити» ЖШС құрылысқа қажет материалдардың бәрін ауылға жеткізіп қойды. Қазір жұмысшылар үш көшенің жолын қырып, тегістеп, құм мен қиыршық тасты төсеп жатыр.

49C0DB32-EDE8-4C45-9870-F8122D34A44C

Облыс басшысы ауылдың әлеуетін арттыратын осындай құрылыстарды халық тағатсыз күтіп, бұл істің басы-қасында жүргендерге зор сеніммен қарайтынын айтып, мердігер компанияның өкілдерімен әңгімелесті. Ауданның басқа да ауылдарында төселіп жатқан жолдың мезгілінде пайдалануға берілуін сөзсіз қамтамасыз ету керектігін де қаперге салды.

D609678B-C444-4D87-9A5E-7E4B3590D88E

Айта кетейік, биыл ауданда Қабыршақты, Шабдаржап ауылдарына кірме жолдар, Тайпақ пен Бударин ауылдарының көше жолдары, барлығы 11,4 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жалпы ауданда 44 көшенің ұзындығы 22,5 шақырым жолын жөндеуге жеті жоба және Мерген мен Атамекен ауылдарының кіреберіс жолын жөндеуге екі жоба дайын тұр. Облыс басшысы келесі жылы осы екі жобаға қаражат бөлінетінін айтып, Индер–Барбастау күре жолы жөнделуіне қарай соның бойындағы ауылдардың да кірме жолдарын асфальттау үшін құжаттарды жеделдетуді тапсырды.

05D6DB72-CB0C-497B-9E97-4E7148B655D0

Сонымен қатар осы ауылда баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін екі пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Төреғалиев құрылыс барысымен танысты. Негізінен, биыл «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында ауданның сегіз елді мекенінде 37 баспана салынып жатыр. Атап айтсақ, Чапаевта – 8, Тайпақта – 17, Алғабас, Алмалы, Бударин, Жаңабұлақ, Мерген, Ж.Молдағалиев ауылдарында  екі-екіден үй салынбақ.

Атап өтерлік жайт, бұл үйлердің бірде бірінің құрылысына бюджеттен қаражат бөлініп жатқан жоқ, бәрінде жеке кәсіпкерлер өз қаражаттарына салып жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталып, талаптарға толық сай келетіні расталғанда ғана, баспананы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілеріне қосып, жергілікті атқарушы органның меншігіне сатып алынады.

1D1D9793-3CDF-47B4-B120-D8E64C4DB4A9

Мемлекеттік балабақшалардың жүгін жеңілдету үшін жекеменшік негіздегі балабақшалардың маңызы зор. Биылдың өзінде Аұқжайық ауданының орталығында 81 бала 3 жеке балабақшада тәлім алып жүр. Жуырда олардың қатарына «Нұр-ЗКО» жеке кәсіпкерлігі 150 орындық тағы біреуін қоспақ. Құрылысы аяқталуға жақындаған балабақша ғимаратында облыс әкімі Нариман Төреғалиев болып, кәсіпкерліктің басшысы Нұрхат Әдиетұлымен сұхбаттасты.

AB51F57C-351B-42C2-8D1D-74C888FA0F48

Аумағы 500 шаршы метр болатын балабақша ашылғанда, мұнда жұмысқа сегіз адам қабылданбақ. Жеке кәсіпкер бұл нысанға 200 миллион теңге инвестиция салған.

E5C12F7E-3465-4F79-8BCD-481587BBCC0F

Сонымен қатар өңір басшысы Чапаевта салынып жатқан жаңа мейрамхана құрылысымен танысты. Құрылыс саласында аты танымал жергілікті кәсіпкер Нұрлан Салыхов кәсібін әртараптандырып, аудан орталығының тұрғындарына заманауи мейрамхананың қызметін ұсынбақ.

1B513948-3886-4D76-A16F-5D4CCD2B9271

Аяқталуы осы жылдың қараша айына жоспарланған нысан бір мезетте 200 адамға дейін қабылдай алады. Жоба құны – 300 млн теңге.

Ашылған уақытта 10 адам жұмыспен қамтылмақ.

Әлия Шарапиева
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале