18.10.2024, 12:00
Оқылды: 13

БҚО әкімі Бисен ауылындағы мал бордақылау алаңына барды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бөкей ордасы ауданына іс-сапармен барды.

IMG-20241018-WA0015

Өңір басшысының сапары Бисен ауылдық округінен басталды.

Бисен ауылында Нариман Төреғалиев мал бордақылау алаңында болды. Алаң – «Каукешев» шаруа қожалығына тиесілі.

IMG-20241018-WA0017

Қожалық иесі Ерқанат Сатыбалдиевтің айтуынша,  аумағы 3 400 гектарды құрайтын алаң мың басқа арналған. Маусымдық жұмысқа 21 жұмысшы тартылмақ, ал 10 жұмысшы тұрақты түрде қызмет етпек.

Облыс әкімі ауылдық жерлердің тынысын ашып, еңсесін тіктеуге ықпал ететін мұндай инвестицияларды қолдайтынын айтып, жақсы істің жалғасты болуына тілектестігін білдірді.

Анар Артықбай

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале