Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы Жәнібек ауданы орталығындағы ардагерлер үйіне барды. Аудан ақсақалдарымен кездесіп, ардагерлер ұйымының жұмысымен танысты.
Өңір басшысын есік алдынан қарсылап алған «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев «қош келдіңіз» айтып, бірден ұйым жұмысымен таныстырды.
«Аудан бойынша 1 800-ге жуық ардагер бар, оның тең жартысы орталықта тұрады», - деп бастады әңгімесін Амангелді Мырзағалиұлы.
Бұдан бұрын да айтып жүргеніміздей, Амангелді Мырзағалиұлы аудан тарихын мұқияттап жинап жүрген жан. Әр оқиғаға кітапшалар дайындап шығарған, архив бөлімінен ешбір кем емес. Мұны көрген облыс басшысы таң қалды.
Басқа аудандар да Амангелді Уәлиевтен үлгі алса екен деген тілегін жеткізіп, ақсақалға ризашылығын білдіріп, қазақстандық телерадиохабар тарататын оператор «Отау ТВ» қабылдағышын табыстады. Ауыл қариялары да көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, емін-еркін әңгімелесті.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы