Бүгін Зеленов ауданы Янайкин ауылында төрт үйдің қора-қопсысы мен қыстан қалған шөптері отқа оранды.
Əп сəтте көше қуалап кеткен өрт сол көше тұрғынының салғырттығынан болған. Төңірегін тазалап, қоқысын өртей салған ол ауа-райының қолайсыздығын ескермегенге ұқсайды. Округ əкімдігінен түскен мəліметке қарағанда, өртті ауыздықтау мүмкін болмаған.
- Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыстанып, келген шығын есептелуде, - дейді округ əкімі И. Мұғалбаев.
Нұржан Дүзбатыр
zhaikpress.kz