28.04.2018, 15:58
Оқылды: 71

БҚО-да төрт үйдің қора-қопсысы өртке оранды

 

Bokei ortБүгін Зеленов ауданы Янайкин ауылында төрт үйдің қора-қопсысы мен қыстан қалған шөптері отқа оранды.

Əп сəтте көше қуалап кеткен өрт сол көше тұрғынының салғырттығынан болған. Төңірегін тазалап, қоқысын өртей салған ол ауа-райының қолайсыздығын ескермегенге ұқсайды.  Округ əкімдігінен түскен мəліметке қарағанда, өртті ауыздықтау мүмкін болмаған.

- Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыстанып, келген шығын есептелуде, - дейді округ əкімі И. Мұғалбаев.

Нұржан Дүзбатыр

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале