Көмекке мұқтаж жандардың үміт шырағын қайта жағу, барынша қолдау көрсету ұлтымыздың тамырындағы асыл қасиеттер. Қазақ қиын-қыстау кезеңде тіл мен дінге, ұлтқа бөлмей, бар ағайынға құшағын ашқан. Бұл істер тәуелсіз заманда да тоқтап қалмайды.
«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік қорғау» жобасының жүзеге асуы – сөзімізге айқын дәлел болмақ.
Жаңа жылға санаулы уақыт қалған тұста Теректі ауданының Богданов ауылында 2 пәтерлік жеке тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті. Маңызды оқиғаға аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев пен ауыл жұртшылығы куә болды.
Қалаубек Баубекұлы жаңа 2025 жыл қарсаңында ауданымызда ашылған нысандарды тізбектеп, тұрғын үйлердің кілтін табыс етті. Жауапты мердігер «Ткенбаев Т. Е» ЖШС-нің жұмысы көңіл көншітеді. Жарық әрі кең үй үшін жаңа қоныс иелері Мереке Ғатауов пен Эльмира Алмахова алғыстарын айтты.
Тұрғындар атын ақсақал Ерғали Өтеғалиев сөз алып, игі іске атсалысқан барша жанға ақ батасын берді.
Ақтілек Әлібек
Теректі ауданы