1.10.2022, 22:47
Оқылды: 66

Бөкей даласында дүбірлі той өтті

Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуы мен Социалистік Еңбек Ері, облыс және ауданның «Құрметті азаматы» Ескендір Есімовті еске алуға орай дала қызықтары ұйымдастырылды.

0BDCF3B6-FA15-4561-87DB-E1E7211F6BC1

Айтулы шара аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, Ескендір ағаның ұрпақтарының қолдауымен жүзеге асты.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз алып, жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, шараны ұйымдастыруға атсалысқан, қаржылай қолдау білдірген Ескендір атамыздың ұрпақтарына алғысын білдірді.

Ауыл ақсақалы Жасқайрат Сұлтанғалиев сынға түскелі тұрған шабандоздар мен палуандарға батасын берді.

F21E7EDC-C596-42EC-A5E3-D0E51AA144BE

Ескендір атамыздың әулеті атынан сөз алған Бисен Ижанов жұртшылыққа алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Шара бағдарламасы аламан бәйге, топ бәйге, тай жарыс, қазақ күресі, қол күресі, арқан тартыс секілді ұлттық ойындарды қамтыды. Шара дала төсін дүбірге бөлеген ат жарысынан басталды.

5471D9D6-3535-4C93-B686-DDBE24952AC6

Тай жарысында саралжындық Асқар Мұқанғалиевтің «Асыл жирені» мәре сызығына бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. ІІ, ІІІ орындарды бисендіктер Еркебұлан Еділбаев пен Олжас Ғұбашевтың баптап қосқан тайлары иеленді.

Топ бәйгесінде І орын қазталовтық Нұрболат Әдиетовтың қанжығасына бұйырды. Үштікті сүйіндіктік Берік және Бейбіт Қапезовтардың сәйгүліктері алса, IV орын жәнібектік Талғар Исқалиевтың «Көкқұтанына» бұйырды.

3FDBDD51-2A14-4ED0-A79F-95A4F1910F82

Аламан бәйгеде де сүйіндіктік Бейбіт Қапезовтың «Ерке торысы» топ бастады. Жаңақалалық Жарылқап Молдағалиевтың «Алауы» екінші, жәнібектік Боранбай Айтқалиевтың «Ақбозаты» үшінші боп жетті. Бисендік Олжас Ғұбашевтың «Қара баласы» да үштіктің өкшесін басып, төртінші боп келді.

Жүйріктердің жарысынан кейін қалың көпшілік палуандарымыздың күресін тамашалады. Тартысты өткен сайыста 90 келіге дейін салмақта жәрмеңкелік Нұрбек Ғазезов І орын, жәнібектік Сырым Байсов ІІ орын, қазталовтық Жігер Маусымов ІІІ орынды иеленді.

51671C7B-8D33-495E-A4D4-E19EF31E024F

90 келіден жоғары салмақтағылардың сайысында да сайқындық палуан Баймырза Меңдешов І орынды талассыз алды. Екінші орын жымпитылық Сыйбағат Амановқа, үшінші орын мұратсайлық Р.Нұрғалиевке бұйырды.

Қол күресінде де Баймырзамыз жүлденің алдын бермеді. Сыйбағат Аманов пен Тимур Ұзақбаев үздік үштікті қорытындылады.

934AFD67-EF22-4250-897F-C26213B2B983

Арқан тартыста І орынды Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі иеленсе, ІІ-ІІІ орындарды Сайқын ауылы жамағаты мен жастары тең бөлісті.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.

611C1CCB-7D1F-44C7-A1E1-5BBF5E99C637

Далада өткен дүбірлі додада сауданың да көрігі қызды. Көптен үлкен тойды сағынған қауым үшін бұл бір көңіл көтеріп, ағайын-туыспен қауқылдасып, бой жазған, жүйріктерге қиқу қосып, қан қыздырған тамаша күн болды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале