29.11.2021, 15:20
Оқылды: 77

"Бөкей көшбасшылары" сайысы өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастар коворкинг орталығында "Бөкей көшбасшылары" интеллектуалды сайысының алғашқы кезеңі өтті.

32
Бөкей ордасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев көптің танымын кеңейтетін осындай ойындардың маңызын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен білімділер додасы телевизиялық "Что? Где? Когда?" ойынының форматында өтті. Әр командаға 11 сұрақ әзірленіп, есеп 6-ға дейін жалғасты. Білімділер командасы көрермен тарапынан әзірленген сауалдарға жауап беруі қажет еді. Әр түрлі бағыттағы логикалық сұрақтар, фильм үзінділері, саундтректер, Қазақстан тарихына қатысты және өлкетану бағытындағы сұрақтар қойылды. Бұл ойынның ерекшелігі боп танылатын үш сауалды қамтитын блиц сұрақ қойылып, "қара жәшікке" жауап жасырылды.

31
Алғашқы кезеңде М.Мәметова атындағы ЖОББ мектептің "Мәншүк жұлдыздары", Бөкей ордасы аудандық кітапхана ұжымының "Шабыт" және аудандық саз мектептің "Квинтет" командалары бақтарын сынады.
Айталық, сынға эрудиция салынған додада команда мүшелері кәдімгідей қиналып, тіпті болжам да айта алмаған кездер де кездесті. Алайда, талқылау барысында дұрыс жауапқа жақындап келіп, соңғысында қателік жіберіп сан соққан кездері де болды. Сөйтіп тартысты ойын барысында тек аудандық кітапхана ұжымының "Шабыт" командасы 6:4 есебімен көрермендерді жеңді және финалдық ойынға жолдама алды. "Үздік ойыншы" аталымына да аталмыш команданың капитаны Гүлмира Ғайсинаға бұйырды.

Раушан Жанатқызы,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале