22.04.2025, 15:45
Оқылды: 324

Бөкей орда ауданында өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды

Бөкей орда ауданында алғаш рет бокстан өткен ашық турнир өз мәресіне жетті.

FB_IMG_1745258088366

Бұл турнир 2012-2015 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында өтті. Бокс бәсекесіне Орал қаласынан, Теректі, Бәйтерек, Қаратөбе, көршілес Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарынан 12 команда қатысты. Аудан намысын Рустам Төлегенов жаттықтыратын Хан Ордасы ауылы үйірмесінің жас боксшылары қорғады. 150 балғын боксшы бақ сынаған бокс додасы тартысты өтті.

FB_IMG_1745258101621
Үш күнге созылған бокс бәсекесінің  финалдық ойындар болып, әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды. Финалдық кездесулерге арнайы қатысқан аудан басшысы Нұрлыбек Даумов  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Таратып айтсақ,  2016 жылғы туған жеткіншектер арасында 28 келі салмақта Казталов ауданының намысын қорғаған Иманбек Боранбай, 33 келі салмақта бөкейлік Ибрахим Ерсайын І орын иеленді.
2014-15 жылғылар арасында 28 келі салмақтағы екі топта теректілік Ералы Ережеп пен Қайыңды ауылынан келген Ниязбек Қуан жеңімпаз танылды. 30 келі салмақта бойынша екі топта Жекпе-жек командасынан Айқын Қалыбай мен казталовтық Нұртас Қайрат, 35 келі салмақтағы үш топта оралдық Ибрахим Мақсот, Болашақ ауылынан келген Бекнұр Қайрат пен бөкейлік Нұртілеу Қалаудың жұлдызы жанды. Ал, 46 келіде сайысқа түскен Жекпе-жек командасының атынан шыққан Сұлтан Мырзағалиев озық шықты. 2011 жылғы жасөспірімдер арасында жәнібектік Азизхан Қадыр жүлдегер атанды.
2014-15 жылғы боксшыларымыздың жетістігіне тоқтала кетсек, 40 келі салмақта Жекпе-жек командасынан Мерей Қабдолланың мерейі үстем болды. 44 келіде Бостандық ауылынан келген Сауран Мұсабек, 47 келіде бөкейлік Дарын Насипкалиевтер дарынды боксшы екендіктерін танытты.

FB_IMG_1745258106332
35 келі салмақта Теректі ауданынан келген Нұралы Есетов, 40 келі салмақта Жекпе-жек командасының екі бірдей мүшесі Қазбек Дарханұлы мен Акбар Сүлейменов І орын алды. 43 келі салмақтағылар арасында Бостандық ауылынан келген Ниет Өмірзақовқа, 46 келі салмақта Жекпе жек командасының намысын қорғаған Сұлтан Мырзағалиевке, 2011 жылғылар арасында 40 келі салмақта жәнібектік Азизхан Қадырға тең келер ешкім болмады.
Турнир қатысушыларына атаулы сыйлықтар да табысталды. Ақтілеу Кенжеғалиев «Үздік төреші» атанса,
Дарын Насипкалиев «Үздік боксшы», Талант Табылдиев «Үздік техника», Назарбек Қуан «Жас боксшы», Нұрдәулет Жұмағалиев  «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарына ие болды.
Байрақты бәсекеде аудан намысын қорғаған бөкейлік оғландар 3 алтын, 3 күміс, 6 қолаға ие болды.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале