18.07.2024, 21:45
Оқылды: 303

Бөкей ордада вице-министр шаруалармен кездесті

Бөкей ордасы ауданына ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев жұмыс сапарымен келді.

IMG-20240718-WA0051

Вице-министрмен бірге облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Зұлқашев, облыстық  орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов та келді.

IMG-20240718-WA0056

Көршілес Жаңақала ауданынан басталған жұмыс тобының сапары Бөрлі ауылдық округінде жалғасын тапты. Мұнда олар қожалықтардың жұмысымен танысты. Кейін Бисен ауылына ат басын бұрды. Исатай Сисенғалиев, Еркін Жабасов, Қуаныш Шәріпқалиев, Алмабек Қазиханов, Мейірбек Бұхаров, Ермек Меңдешев, Бибігүл Жұмағұлова сияқты малды ауылдың азаматтары көптің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

Қожалық иелері киік санын шектеу, мал азығын дайындауға Үкімет деңгейінде қолдау көрсетуді, оңтүстік  аудандарға төтенше жағдай жариялауды сұрады.

IMG-20240718-WA0039
Вице-министр киік санын реттеуге қатысты мәселе, Жәнібек пен Бөкей ордасы аудандарында төтенше жағдай жариялау, мал азығын тасымалдауға субсидия қарастыру мәселелері күн тәртібінде екенін айтса, облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов мал азығын тасымалдауға Жәнібек пен Бөкей ордасына 800 млн теңге мөлшерінде қаржы таралғанын айтты.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале