23.06.2025, 19:00
Оқылды: 351

Бөкей ордалық мемқызметшілер мен полицейлер ой додасында бақ сынады

Бүгін – мемлекеттік қызметшілер және ел полициясы күні.

IMG-20250623-WA0085

Осы қос саланың мерекесі аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында бұрын-соңды өтпеген ерекше шарамен айшықталды. Мемлекеттік қызметшілер және жергілікті полиция өкілдерінен құралған команда  куиз ойынында бақ сынады.
Ойын басталмас бұрын аудан әкімі аппаратының басшысы Асқар Әжіғалиев қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, тартысты да қызықты ойын тіледі.

IMG-20250623-WA0082 IMG-20250623-WA0081
Аудан әкімі аппаратының атынан «Әкім аппараты» командасы сынға түссе, ауданның  әлеуметтік саласына жауапты мамандар «Әлеуметтік сала» командасын құрады. Ауылдық округтерден  арнайы келген  әкімдер мен мамандары «Нарын» және «Азия» командаларына бөлінсе, жергілікті ауылшаруашылық және кәсіпкерлік, жер қатынастары бөлімдері «Ауылшаруашылығы саласы» командасында ойын көрсетті.

IMG-20250623-WA0084
Ой додасына қатысушылар «Сұрақ-жауап», «Киноны тап», «Қисын», «Медиа», «Бәс» секілді бес кезеңде ми ширатып, таным көкжиегін байқап көрді.

IMG-20250623-WA0087
Айта кетелік, «Әлеуметтік сала» командасының ойыншылары бірінші кезеңнен бастап тапқырлықтары мен зияткерлік қабілеттерін көрсете алды. «Әкім аппаратының» ойыншылары да қырағылықтарымен көзге түсті. Соңғы кезеңде ұтымды да тиімді бәстің арқасында «Әлеуметтік сала» командасы ұпайларын еселеп, жеңімпаз атанды.

IMG-20250623-WA0089
Жүлделі екінші орынға «Әкім аппараты» командасы ие болса, үздік үштікті «Нарын» командасы түйіндеді.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20250623-WA0088

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале