23.04.2025, 14:30
Оқылды: 314

Бөкей ордалық велошабандоздар аталар ерлігін ұлықтады

Бөкей ордасы ардагерлері қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан орталығында «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» атауымен жалпыкөпшілік велошеру өтті.

FB_IMG_1745311822454

Шараға ардагерлер, денсаулық сақтау мәдениет пен білім саласы қызметкерлері, спортшылар мен мектеп жасындағы балалар жалпы ауыл тұрғындарынан үлкенді-кішілі 60 жуық тұрғын қатысты.

FB_IMG_1745311825641
Қатысушылар алдымен Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қаһарман қыздың рухына тағзым етіп,  бір леппен Қазақстан, Ә.Жангелдин, Т.Масин, Р.Егізбаев, С.Сейфуллин, Т.Жароков көшелерін кесіп өтті. Мәре соңында ең жас және ең ардагер спортшыларға ұйымдастырушылар тарапынан шағын сый-сияпат ұсынылды.

Анар Артықбай,

Бөкей орда ауданы

FB_IMG_1745311831690 FB_IMG_1745311842088 FB_IMG_1745311856040

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале