Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов бірнеше құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Аудан орталығындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс басына барды.
Сонымен бірге "Атырау жолдары" ЖШС-інің атқарылған жұмыстарымен де танысты. Аталмыш ЖШС қызметкері Дайрабай Елдісбаев:
- Елдегі төтенше жағдайға байланысты қиыншылықтар туындап отыр. Жол құрылысының басты мамандары Атырау қаласынан шыға алмай жатыр. Оған қоса керекті көлік және құрал-жабдықтарымыз да сол Атырау жақта тоқтап тұр, - дейді.
Аудан басшысының жұмыс сапары мұнымен шектелмеді. Төтенше жағдайға байланысты орнатылған бақылау-өткізу пункттерінің жұмыстарымен де танысты. Жалпы бақылау-өткізу пункттері Орал-Сайқын және Сайқын-Шоңай жолдарында орнатылған еді.
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жангелді Салауатовтың айтуынша, Сайқын ауылына келіп-кетушілер өз ауданымыздың тұрғындары. Облыс орталығынан немесе көршілес Ресей елінен келген азаматтар тіркелмеген.
Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz