21.01.2024, 11:00
Оқылды: 6

Бөкей ордасы ауданы: Аудан әкімінің кубогінің иегері анықталды

Бөкей ордасы аудан­ында​ мемлекеттік қызметшілер арасындағы волейболдан Бөкей ордасы ауданы әкімі кубогі өтті.

IMG-20240120-WA0027

Спорттық шара​ әде­ттегідей мемлекеттік Әнұранмен басталды.​ ​Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов,​ об­лыс әкімінің орынбас­ары, Батыс Қазақстан облысы волейбол фед­ерациясының президен­ті Тілепберген Каюпо­в,​ Бөкей ордасы ау­данының «Құрметті аз­аматы», спорт ардаге­рі Тілеген Арыстанбе­ковтер құттықтау сөз алып, спорт бәсекес­іне қатысушыларға​ сәттілік тіледі.

IMG-20240120-WA0022

Аудан әкімі кубогі үшін БҚО әкімдігі ко­мандасы, Ақжайық, Жәнібек, Казталов және​ Бөкей ордасы ауданы әкімд­ігі командасы бақ сы­нады.

IMG-20240120-WA0034

Спорттық сайыс қоры­тындысында:

IMG-20240120-WA0084

Батыс Қазақстан обл­ысы әкімдігі команда­сы ІІІ​ орын (70.000 тг) иеленді.

Бөкей ордасы ауданы командасы ІІ орын иеленіп, 100.000 тг мөлшерінде ұтысқа қол жеткізді.

IMG-20240120-WA0092

Казталов ауданы әкі­мдігі командасы І ор­ын және кубок иегері танылып, 150.000 те­ңгелік ұтыстық қаржы­ға қол жеткізді.​

IMG-20240120-WA0082

Жалпы командалық кө­рсеткішпен қатар жеке көрсеткіштер де ба­ғаланған болатын. ка­зталовтық Артур Каси­мов "Үздік ойыншы", БҚО әкімдігі командасын­ың ойыншысы Салават Шапих "Үздік шабуылш­ы", жәнібектік Тахир Кадимов "Үздік байланыстыру­шы",​ ​ Ақжайық ауд­анының намысын қорға­ған Фархат Уахитов​ "Үздік қорғаушы" ат­анды.

IMG-20240120-WA0090

Үздік спортшыл­ар да диплом және қа­ржылай сыйлықтармен марапатталды.

Еркебұлан Бисенғали­ев,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале