19.12.2024, 20:00
Оқылды: 310

Бөкей ордасы ауданы: «Ой-ордада» ой саларлық шара өтті

«Нарын шуағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Арайлым Есмағұлованың ұйымдастырумен оқырмандар клубының отырысы өтті.

IMG-20241219-WA0126
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нүркен Сабиров құндылықтардан қадір қашқан қазіргі қоғамда оқырмандар клубының маңызы зорын айтып, мұндай мазмұнды отырыстардың жалғасты болуына тілектестігін білдірді.
Кітапты «кеміріп» оқыған аға буын өкілдері Кәрім Сүндетов, Тілеген Арыстанбеков бастап, ұстаздар Назерке Нығметова, Нұргүл Төлеғалиева мен Рысгүл Байбековалар, мектеп оқушысы Сезім Хамидолла қостаған спикерлер шара төрінен орын алды. Спикерлеріміз кітап оқу мәдениеті туралы сөз алып, өздері оқыған кітаптарын, кітап таңдау, кітап оқу дағдылары туралы ойларын айтты.
Шара барысында жиналған қауым пікірлерін ортаға салды, Сейсемәлі Қуанышалиев, Қалампыр Айтжанова, Сәния Нұралиева, Ләйла Арыстанбековалар клуб жұмысына сәттілік тіледі. Викториналық сұрақтарға жауап бергендер сыйлық алып, олжалы болды.

IMG-20241219-WA0112
Қорыта айтсақ, бұл естір құлаққа мағыналы сөз айтылып, келелі мәселе қозғалған шара болды. Шараны тізгіндеген Арайлым Маратқызы пікірталасқа мәнді ой-тамызық тастап, сауатты сұрақ қойып, шебер үйлестіргенін де айта кетсек, артық болмас.

IMG-20241219-WA0113

Арайлым Маратқызының спикерлерге символикалық тұрғыда шамшырақ үйлестіріп, ой тарқатуында да мән бар. Осындай игі шара көпшілікке ой салып, титтей болса да қозғау салса, мақсатқа жеткені болмақ.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале