Бөкей ордасы ауданында сайлау учаскесіне денсаулығына, жасының үлкендігіне және өзге де себептерге байланысты келе алмайтын азаматтардың өз құқығын пайдалануына жағдай жасалды.

Түстен кейін учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері түскен өтініштер бойынша тұрғындардың мекенжайларына арнайы барып, үйден дауыс беру рәсімін жүзеге асырды.

Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бекбол Жұмабекұлының мәліметіне сүйенсек, аудан бойынша учаскеден тыс жерде дауыс беру туралы барлығы 710 адам өтініш білдірген. Осылайша, ерекше жағдайдағы сайлаушылардың да өз таңдауын жасап, азаматтық парызын өтеуіне толық мүмкіндік берілді.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы