2.10.2026, 10:45
Оқылды: 10

Бөкей ордасы ауданы: Үш бірдей кітаптың таныстырылымы өтті

Бөкей хандығының 225 жылдығы, Хан ордасының 200 жылдығы, Жәңгір мектебінің 185 жылдығына орай ұйымдастырылған мерейтой тағылымды іс-шарадан басталды. Бөкей хандығына, өлке тарихына қатысты үш бірдей құнды кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

IMG-20261002-WA0038

Шара шымылдығы аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөзімен басталды.

IMG-20261002-WA0036
- Ардақты ағайын, қадірменді меймандар!Бөкей ордасы – тарихы терең, тағылымы мол, елдік пен ерліктің, руханият пен мәдениеттің алтын бесігі болған қасиетті мекен. Бұл өлкенің шежіресі халқымыздың сан ғасырлық тарихымен сабақтасып, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңызды кезеңдермен тығыз байланысты.
Биыл Бөкей хандығының құрылғанына 225 жыл толып отыр. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық тарихындағы аса маңызды белестердің бірі. Ұлы даланың осынау бірегей өңірінде қалыптасқан тарихи мұра мен мәдени құндылықтарды сақтау, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ парызымыз. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі басылып, жаңартылып шыққан кітаптар – туған өлкенің өткені мен бүгінін сабақтастыратын, ел тарихын жүйелеп, кейінгі буынға аманаттайтын құнды еңбектер.
Мерейтой аясында шығарылған жинақтардың  беттерінен ауданымыздың тарихы, елді мекендері, мәдени мұралары, айшықты тұлғалары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары  туралы жаңарған мағлұматтарды табуға болады. Сонымен қатар ел игілігі жолында еңбек еткен азаматтардың өмір жолы мен еңбегі де лайықты көрініс тапқан.
Кітап – тек өткенді танытатын тарихи жинақ емес, ол бүгінгі жетістіктерімізді бағалап, болашаққа бағдар жасауға мүмкіндік беретін рухани құндылық. Өткенін білген ұрпақ туған жерін қадірлейді, елінің ертеңіне жауапкершілікпен қарайды.
225 жылдық тарихи белес бізге өткенді ұлықтаумен қатар, болашаққа жауапкершілікпен қарау міндетін жүктейді. Тарихын білген ұрпақ туған жерін қадірлейді, елінің ертеңіне сеніммен қарайды. Сондықтан осындай еңбектер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, туған өлкенің тарихы мен тағылымын терең тануына жол ашады деп сенемін.
Қасиетті Бөкей ордасының тарихы – ұрпаққа аманат, бүгінге өнеге, болашаққа бағдар.
Ел тарихын ұлықтап, туған жердің тағылымын дәріптейтін кітаптардың ғұмыры ұзақ болсын! - деді өз сөзінде.

IMG-20261002-WA0037
Тойға арнайы келген филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр мен облыстық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсот Берген де сөз алып, Бөкей хандығының тарихы хан әулетінің немесе ауданның тарихы емес, тұтас ұлт тарихы екенін айтып өтті.

IMG-20261002-WA0051
Мерейтой аясында жарық көрген үш бірдей құнды туынды таныстырылды. Өлке тарихын ұлықтаған кітаптарды таныстыра кетсек,  академик Тұяқбай Рысбековтың «Нарын құмы – тарихтың шежіресі» кітабының екінші басылымы, Хан ордасы музей қорығы қызметкерлері жинақтаған «Архив құжаттарындағы Бөкей ордасының тарихы» атты  ғылыми жинақ пен «Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы (3-басылым) оқырманға жол тартты.

IMG-20261002-WA0034
Сиясы кеппеген су жаңа кітаптардың тұсау кесер рәсімі  Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман  Төреғалиев пен Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Нұрлыбек  Бірмановқа,  филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр мен Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы», мәдениет саласының ардагері Айдар Батырхановқа, аудан әкімі  Нұрлыбек  Даумов пен Батыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбек ардагері Мақсот Бергенге ұсынылды.


Анар Артықбай
Суретке түсірген Әділет Абдиров,

Бөкей ордасы ауданы

   IMG-20261002-WA0051 IMG-20261002-WA0050 IMG-20261002-WA0043 IMG-20261002-WA0040 IMG-20261002-WA0042

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале