11.04.2026, 17:00
Оқылды: 12

Бөкей ордасы ауданында «ашық әкімдік» тұрғындарды қабылдады

«Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күнінде аудан басшысы Нұрлыбек Даумов, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева бастаған мекеме басшылары ауыл тұрғындарын қабылдады.

IMG-20260410-WA0052

Қабылдау барысында аудан басшысына онға жуық жерлесіміз өз мәселесімен жүгініп, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Жеке мәселесімен келгендердің басым бөлігі баспана мәселесімен кепті. Мысалыға, бисендік Әсемгүл Сарсалиева, Мастура Хазенова, Жұлдыз Әбдірешова және Ұлболсын Қабарова секілді жерлестеріміз жоғарда аталған мәселе бойынша аудан басшысынан көмек сұрады.

IMG-20260410-WA0032
Нұрлыбек Жасқайратұлы:
-Қазіргі таңда үй мәселесі өзектіге айналмақ. Бәрімізге мәлім, өткен жылдан бастап үй беру кезегімен «Отбасы банк» жұмыстанатын болып шешілді. Оған қоса кезекте тұру жағдайын да ескерген жөн. Заң талабына сай баспана бірінші кезекте жетімдер, көпбалалы отбасыларына және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ұсынылады. Бұл жерде тағы бір ескеретін жағдай бар. Соңғы бес жыл көлемінде атыңызда үй болмауы қажет. Бұл заң талаптары, -деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, аудан басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің заңгері Жасұлан Мұхитовке осы мәселемен жолыққандармен жұмыстануға арнайы тапсырма берді.

IMG-20260410-WA0034
Сейтәлі елді мекеніне ауыл статусын беру мәселесін Сайфетден Қожантаев ағамыз көтерген болатын.
Аталмыш мәселе бойынша жұмыстанып жатқандығын айтқан Нұрлыбек Жасқайратұлы бүгін- ертең бұл істің оң нәтижелі болатындығына кепіл бере алмайтындығын ашық айтты.
Ауылдың ішкі тас жолы төселінбеген көше мәселесі бойынша жүгінген азаматтар да болды.
Өз кезегінде аудан басшысы қаржы мәселесіне байланысты аталмыш жұмыстар тоқтатылғаны туралы айтты. Дегенмен, болашақта өз жалғасын табатындығы да жеткізді.

Еркебұлан Бисенғалиев

Бөкей ордасы ауданы
Суретке түсірген автор

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале