22.04.2025, 22:00
Оқылды: 218

Бөкей ордасы ауданында комиссия отырысы өтті

Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясаты, денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, балалар мен аналар, экология жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия төрағасы Асылбек Нұралиевтің төрағалығымен өткен отырыс күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

IMG-20250422-WA0066

Алдымен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай Құрмашев жастар саясатын іске асыру бойынша шаралардың орындалуы мен алдағы жоспарлары туралы есеп берді.
Ал, Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің басшысы Артур Ғазизов орман байлығын қорғау, құм көшкінінің алдын алу мақсатында іске асырылған іс-шаралар және мекеменің алдағы жоспары туралы баяндады.
Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова бір емес, бірнеше мәселе бойынша сөз алды.

IMG-20250422-WA0065

Алдымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердегі оқушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру мәселесі бойынша депутаттар алдында есеп берді.

IMG-20250422-WA0068
Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйла Өтешева өз саласы бойынша заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімдеме жасады.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале