14.05.2024, 12:15
Оқылды: 5

Бөкей ордасы ауданында сегіз елді мекенде 22 тұрғын үйдің құрылысы басталады

Бөкей ордасы ауданында ХVI сессия өтті.

Аталмыш сессия отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелері қаралып, бюджет қаржысы түгенделді.  Алдымен аудандық қаржы және экономика бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина аудан бюджетіндегі өзгерістер туралы баяндады. Баяндамашы кірістер мен шығыстар есебін, қарыздардың өтемі мен түсімі туралы, республикалық, облыстық деңгейдегі нысаналы трансферттер мен кредиттердегі ауыс-түйіс туралы толыққанды түсінік беріп өтті.

IMG-20240514-WA0011

Бұдан кейін аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз алып, мәслихат депутаттары алдында аудан тірлігінен есеп берді.

- Бұған дейінгі жиындарда да жүзеге аспай жатқан жоспар, игерілмеген қаржымыз туралы есеп беріп отырмын. Кейбір индикаторлар бойынша даму көрсеткішін көрсете алмай отырғанымыз рас. Оның түрлі себебі бар. Дегенмен ілгерілеушілік те жоқ емес. Біздің бас ауруымыз - жол құрылысы болса, осы саладағы тұралап қалған жобаларға жан біткелі тұр. Атап айтқанда, Мұратсай, Орда ауылдарына кірме жол құрылысы бойынша мердігер анықталды. Санаулы күнде жұмыс басталмақшы. Облыс орталығына дейінгі  Бисен, Бөрліні басып өтіп, Жаңақала арқылы қатынайтын жол құрылысы да жақын күндері басталмақшы.

Облыстық маңызы бар жолдардың күтімі де басты назарда. Дәл қазір қыру, тегістеу жүріп жатыр. Оған қоса сегіз елді мекенде 22 тұрғын үй құрылысы басталады, - деді аудан басшысы.

IMG-20240514-WA0014
Сонымен қатар аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бюджет әкімшілеріне жұмысты кестеге сай жасауды тапсырды.
- Елдегі жағдайға байланысты имидждік шараларды қысқартып, қаржыны барынша үнемдеуіміз керек. Бірақ  елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жобалар уақтылы жүзеге асуы керек, - деп,   округ әкімдері, сала басшыларына   өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Анар Артықбай,
Бөкей орда ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале