Бөкей ордасы ауданы, №76 сайлау учаскесінде жас сайлаушы Жанерке Сұлтаниярова да өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға үлесін қосты.

Жас болса да, азаматтық жауапкершілігін танытқан Жанеркеге сайлау учаскесінде естелік сыйлық табысталды. Ел болашағына бейжай қарамайтын жас буынның әрбір таңдауы маңызды.
Жанеркеміз болашақ дәрігер. Дәл қазір М.Оспанов атындағы медициналық академияның студенті.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы