2.08.2024, 10:15
Оқылды: 153

Бөкей ордасына облыс әкімінің кеңесшісі келді

Бөкей ордасы ауданына облыс әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов жұмыс сапарымен келді. Аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтің төрағалығымен өткен жиында өңір басшысының бас кеңесшісі «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылуы туралы баяндады.

42AC74B8-9943-4DC8-872C-F469E694268E

Татарстаны бар, Түркістан көрген-баққанын ортаға салып, аталмыш жобаның тиімді жүзеге асырылуына қатысты қадау-қадау ой айтып, идея берді. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша аз-маз қаржы алып, шаруашылықтың барлық қиындығын бір өзің көргенше корпоративтерге бірігіп, жүкті жұмыла көтеруге шақырды. Ауыл шаруашылығы өндірістік корпоративтерін құрып, бірлесе еңбек етсе, үлкен жеңілдіктерге ие болатынын, жер алып, субсидиялауға да қол жеткізуге болатынын түсіндіріп өтті.

01B071B2-7A81-4800-AA46-B1CD88860E80

– Түркістанда да, мына өзіміздің облысқа қарасты Қаратөбенің Қоскөл ауылында, Бәйтеректің Макаров ауылында тұрғындар корпоративке бірігіп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруда. Бұған бірден қол жеткіздік десек, жалған айтқанымыз болар. Корпоративке бірігудің тиімділігі туралы Қоскөлде алты, Макарова он бес рет жиналыс өткіздік. Күні кеше премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да осы жобаның атқарылу барысын өз көзімен көру үшін арнайы келгенінен хабардарсыз. Хан ордасына кеп, оңтүстік ауданның жоба қатысушыларымен кездесті. Дәл қазір мемлекет тарапынан осы корпоративтерге басымдылық беретінін айтты. Бес саусақ бірікпей, іс тынбайтынын жақсы білеміз. Делегация құрамында Қоскөлге, тіпті Түркістанға  барып, ол жақта жүзеге асып жатқан ілкімді істерді өз көздеріңізбен көріп келулеріңізге мүмкіндік бар. Осы күнге дейін жобаға құжат тапсырғандар мал шаруашылығы бағыты бойынша несие алды. Енді мал шаруашылығына қаржы беруді тоқтата тұрамыз. Ауданда мал қыстағы қиындық тудырып тұрғанын, қуаңшылық боп, жем-шөп жинау мүмкін болмай жатқанын көріп-біліп тұрып, мал асыра деп несие беруіміз абсурд болар, - деп Алдияр Халелов құс шаруашылығы, шағын бордақылау алаңы, жылыжай сияқты кәсіптерге ден қоюға шақырды.

D42A01A8-DC9E-46DF-9102-97C44ABC2F59

Басқосуға келген аудан азаматтары көкейдегі көп сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале